Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Джида Дэниэл — бурундилік Сада Нахиманамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық-белоруссиялық жұп 4:1 есебімен алда тұрғанда, қарсыластары матчты жалғастырудан бас тартты.
Жібек Құламбаева — Юлия Хатука финалға шығу үшін испаниялық Андреа Лазаро Гарсия — франциялық Ясмин Мансуримен таласады.
Жекелей сында әлемдік рейтингіде 334-орында тұрған Ж.Құламбаева бастапқыда ирандық Сана Гараканиді 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Алайда 1/8 финалда рейтингіде 379-сатыдағы германиялық Катарина Хобгарскиге есе жіберді — 2:6, 0:6.