×

Олимпиада Хартиясы. ХОК Ресей басқаратын ІВА-ны тізімнен шығарды

Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (ІВА) олимпиада Хартиясына енгізген түзетуді қабылдай отырып, танылған федерациялар тізімінен шығарып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

23.07.2024, 19:57
Олимпиада Хартиясы. ХОК Ресей басқаратын ІВА-ны тізімнен шығарды
ашық дереккөзден

Бұл туралы 23 шілдеде Парижде өткен комитеттің 142-сессиясында хабарланды.

1bol.kz сайтының жазуынша, Ресей азаматы Умар Кремлев басқаратын ұйым Токио Олимпиадасында бокс турнирін өткізуден шеттетілген болатын.

Сондай-ақ, сессия барысында Халықаралық жүзу Федерациясының атауын FIFA-дан (Federation Internationale de Natation) World Aquatics-ке өзгерту шешімі бекітілді.

Бұған дейін Спорттық төрелік соты (CAS) ХОК сессиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы ұйымды мойындаудан бас тарту туралы шешіміне қатысты IBA шағымын қабылдамады.

2028 жылы өтетін Олимпиада Ойындарында ХОК ІВА-ға мүше елдердің бокс құрамасын қатыстырмау туралы талап қойып отыр. Енді әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы тиіс.

Новости партнеров