×

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Черчесовты «жұмыстан қуды»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген сұхбатында Станислав Черчесов бастаған ұлттық құраманың ойындарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

23.11.2024, 13:42
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Черчесовты «жұмыстан қуды»
Ашық дереккөзден

Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы алты кездесу өткізіп, бір рет тең түсіп, бесеуінде жалпы 0:15 есебімен жеңілген еді.

«Егер менде мүмкіндік болса, мен бірінші болып Черчесовты қуар едім. Не үшін десеңіз, ұлттық құрамада не болып жатқанына, әсіресе команданың қалай ойнайтынына қарасаң-ақ жауабы белгілі», дейді Қонысбаев.

Еске сала кетсек, Черчесов ұлттық құраманың бапкері ретінде осы жазда қызметіне кіріскен. Ресейлік маманның жаттықтыруымен команда Ұлттар лигасының В3 лигасында соңғы орынды иеленіп, турнирде төмен сырғып, С дивизионына өтті.

Ал Ұлан Қонысбаев 2011-2016 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының намысын қорғағанын айта кетейік. Ұлттық құрама жейдесінде футболшы 32 кездесу өткізіп, үш гол соққан.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр