Біріккен супер орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) блогер Джейк Полмен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
«Жоғары деңгейде жекпе-жек өткізіп болған соң, неге бокстаспасқа? Иә, мүмкін Полмен жекпе-жек өткізуге болады. Менің ойымша, бұл жақсы идея, өйткені боксты ешқашан көрмеген, ол туралы ештеңе білмейтін жұрт, есесіне Джейк Полды жақсы таниды. Біз басқа әлемнің жанкүйерлерін өзімізге тартамыз», деді 34 жастағы Сауль Альварес.
Альварес соңғы рет рингке 15 қыркүйекте шығып, WBA міндеттеген қарсыласы Эдгар Берланганы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген.
Айта кетейік, 16 қарашада 27 жастағы Пол 58 жастағы Майк Тайсонмен жұдырықтасып, аңызға айналған боксшыны сегіз раундтың қорытындысы бойынша ұпай есебімен жеңген болатын.