Ереванда (Армения) әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Камиль Куруглиев 97 келіде белдесіп, чемпион болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол биыл жастар арасында әлемнің қола жүлдегері атанған еді.
Ереванда (Армения) әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Камиль Куруглиев 97 келіде белдесіп, чемпион болды.
Әскерилер арасында 37-ші рет өткен сында ақтаулық балуан Үндістан мен Моңғолиядан келген спортшыларды қапы қалдырды. Ал финалдық сында ол Ираннан келген қарсыласын айқын жеңді.
Айта кететін жайт, Камиль Куруглиев биыл ақпан айында ел чемпионатында 97 келіде қола жүлдегер атанды. Ол бұл салмақтағы басты фавориттер Әлішер Ерғали мен Ризабек Айтмұханның басты қарсыласы саналады.
Спортшы қыркүйек айының басында Испанияда 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында 92 келіде белдесіп, қола жүлдегер атанған еді.