Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының және ресейлік "Ахматтың" бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев RB Sport басылымына берген сұхбатында Ресей премьер-лигасының 16-туры аясындағы матчта грозныйлық команда шабуылшысы және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Самородовтың «Крылья Советов» қақпасына соққан голын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Самарадағы «Солидарность» аренасында өткен матчтың бірінші таймында 22 жастағы ойыншы есеп ашты.
«Самородов Месси стилінде гол соқты ма? Бұл тым асыра айту емес пе? Дегенмен Максим керемет гол соғып, оны шебер орындады. Оның бетпе-бет келгенде қарсыласынан алдап кететіні бар, бірақ мұнда ол үшеуін қапы қалдырды. Жарайсың, өте қуаныштымын! Гол өте орынды соғылды», - деді ұлттық құрама командамыздың бұрынғы бас бапкері Адиев.
Самородовты “Ахматқа” ауыстыру туралы бастама көтерген Адиевтің өзі болғанын айта кеткен жөн. Осы маусымда қазақстандық шабуылшы грозныйлық клуб сапында 13 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.