×

Бокс: Айбек Оралбай Жалоловты қалай жеңуге болатынын айтты

Қазақстандық ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жекке өзінің қалай шығатыны туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 02:31
Бокс: Айбек Оралбай Жалоловты қалай жеңуге болатынын айтты
©Турар Казангапов

“Біз онымен Санкт-Петербургте спаринг өткіздік. Менің салмағым 92 келіге дейін болса, ол 92-ден жоғары болды. Бұл жай ғана достық спарринг еді. Менің ойымша, оның “артқы қолы” өте күшті. Оның тікелей соққыларынан сақ болу керек. Бірінші раундта оның соққысына жол бермей, екінші немесе үшінші раундта жақын жекпе-жекке өту керек. Егер мен онымен рингке шықсам, дәл осылай істейтін едім” .

Сондай-ақ ол сұхбат барысында көп адамдар оны сыңары Нұрбекпен жиі жатастыратынын айтты және Париж Олимпиадасынан кейін танымалдылықтары арта түскенін де жасырмады.

Еске сала кетсек, жақында ғана бокстан Ұлттық құраманың капитаны атанып, аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алғашқы айналымында жарқын жеңіске жетті. Ол аса ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жегін украиналық Кирилл Стоянцевке қарсы өткізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender көлігі және оның жаттықтырушысына 10 млн теңге арнайы сыйлық бергенін жазғанбыз.

Новости партнеров