Қазақстан файтері Шавкат Рахмонов Иен Гарримен жекпе-жекте басымдыққа ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
UFC-нің бұрынғы жауынгері Чейл Соннен, қазіргі уақытта талдаушы ретінде Шавкат Рахмоновтың Иен Гарриге қарсы бес раундтық жекпе-жекке созылуы Қазақстаннан келген файтердің оң жамбасына келетінін айтқан, деп хабарлайды Sports.kz.
– Шавкат Рахмоновтың бұл жерде айтарлықтай артықшылығы бар. Ол бастапқыда бес раундқа шығуды жоспарлаған. Бірақ Иен Гарри мұны жоспарламады. Менің болжамым әрқашан жекпе - жектің үш немесе бес раундтық болуына байланысты. Иен Гарри үш раундтық жекпе-жекте жақсы мүмкіндікке ие болар еді, бірақ бес раунд бүкіл сценарийді толығымен өзгертеді, – деді Соннен.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің дайындығына да сенімді. Гарримен бірлескен жаттығуларды еске түсіре отырып, қазақстандық жауынгер онымен жекпе-жек қиын болмайтынын атап өтеді.
Шавкат Рахмановтың титулдық жекпе-жегі 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.