Әлемнің екінші ракеткасы – польшалық теннисші Ига Швёнтек триметазидинге тапсырған сынамасы оң нәтиже беріп, бір ай спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бұл туралы 1bol.kz жазды.
БАҚ беттерінде теннисшіден сынама биылғы тамыз айында жарыстан тыс уақытта алынғаны жазылған.
ITIA тексеруінің нәтижесіне сәйкес, бұған ластанған дәрі себеп болған. 2024 жылғы 12 қыркүйектен бастап Швентек жарыстардан уақытша шеттетіліп, шешімде айтарлық кінәнің немесе салғырттықтың жоқтығы көрсетілген.
Триметазидин стенокардия шабуылдарының жиілігін азайтады, нитраттарды қабылдау қажеттілігін төмендетіп, екі аптадан кейін физикалық белсенділікке төзімді арттырады, сонымен қатар қан қысымының күрт ауытқуы төмендейді.
Дүниежүзілік әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингінде Ига Швентек екінші орында тұр. Бірінші сатыда – Арина Соболенко (Беларусь), үшінші сатыда – Кори Гауфф (АҚШ).