×

Бибосыновты нокдаунға түсірген боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Бирмингемде (Англия) бокс кеші өтіп, оның басты жекпе-жегінде британдықтар Санни Эдвардс (21-2, 4 КО) мен Галал Яфаи (9-0, 7 КО) WBC жеңіл салмақтағы бос уақытша титул үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

01.12.2024, 10:37
Бибосыновты нокдаунға түсірген боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
Ашық дереккөзден

Жекпе-жек бір тараптың ғана басымдығы өтті және соңына дейін жетпеді.

Яфай қарсыласын алтыншы раундта жеңді. Ол Эдвардсты арқанға қарай тықсырып және оны соққының астына алды. Төреші әрмен қарай Яфайдың Эдварсты сабауына жол бермей, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Еске сала кетсек, Яфай – 2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы. Ол 52 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда бірінші раундта-ақ Сәкен Бибосыновты нокдаунға түсірген еді.

Ал финалда филиппиндік Карло Пааламды жеңіп, алтыннан алқа тағынса, Бибосынов қоланы қанағат тұтты.

Новости партнеров