×

Бокстан ұлттық құрамамыз Францияда шешуші жаттығуын өткізіп жатыр

Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы ойындары алдында дайындыққа кірісті,  деп хабарлайды Ulyssport.kz.

24.07.2024, 13:31
Бокстан ұлттық құрамамыз Францияда шешуші жаттығуын өткізіп жатыр

Францияға жеткен боксшыларымыз жергілікті климатқа бейімделу үшін алғашқы жаттығуларына кірісті. Жарыс жолындағы қарсыластарымыз 25 шілде күні белгілі болады.

Париж рингінде Қазақстанның ерлер құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді. Еліміздің атынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) жүлдеге таласады.

Ал әйелдер арасында бірінші рет 3 бірдей спортшымыз жолдама алды. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (75 келі).

Новости партнеров