Қазақстандық жеңілмеген спортшы Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жек үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
UFC 310 турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысушылардың гонорарлары туралы мәліметті Sportal Mag журналы жариялады.
Мақалада Шавкат Рахмоновтың Иэн Гэрримен жекпе-жек үшін 350 мың доллар кепілді гонорар алатыны айтылған.
Егер Шавкат жеңіске жетсе, бұл сомаға қосымша 100 мың доллар беріледі.
Иэн Гэрри жекпе-жек үшін 150 мың доллар табады, сондай-ақ жеңіске жеткен жағдайда қосымша 100 мың доллар сыйақы алады.
Турнирдегі ең үлкен гонорарлар басты жекпе-жек қатысушыларына тиесілі: бразилиялық Алешандре Пантожа 750 мың доллар, ал оның қарсыласы, жапондық Кай Асакура 500 мың доллар алады.
8 желтоқсанда Лас-Вегаста Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі өтетінін еске саламыз. Оның қарсыласы – Иэн Гэрри. Біздің спортшымыз өз дайындығына сенімді. Иэн Гэрримен өткен бірлескен жаттығуларды еске ала отырып, қазақстандық файтер бұл кездесулердің қиын болмағанын атап өтті.