×

2030 жылғы қысқы Олимпиада қайда өтетіні белгілі болды

2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Альпіде өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

24.07.2024, 15:02
Фото: AP

Халықаралық Олимпиада комитеті 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың өткізілетін орны ретінде Франция Альпісін бекіткені белгілі болды.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон 2024 жылғы Париж жазғы ойындарынан кейін құрылатын ұлттық үкімет барлық ұйымдастырушылық кепілдіктерді өз мойнына алатынына сендірген болатын, деп жазады Euronews.

ХОК ЖАУАБЫ

ХОК кепілдіктерді қабылдады. Бұл ретте Франция жалғыз үміткер болған еді. Жоба Альпідегі шаңғы курорттары мен Ниццадағы спорт нысандарын қамтиды.

"ХОК 2030 жылғы Олимпиада ойындары белгіленген шарттар орындалған жағдайда Франция Альпісінде өтетінін жариялау құрметіне ие болды", - деді ХОК басшысы Томас Бах.

Новости партнеров