×

Бейбарыс Жексен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы ҰОК-ға сілтеме жасап.

05.12.2024, 15:46
Бейбарыс Жексен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты
ҰОК

Бұл кезеңде қазақстандық спортшы тәжікстандық Акмал Убайдовпен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің шешімі бойынша қарсыластың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан ерлер құрамасының турнирдегі алғашқы жеңілісі болды.

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда. Olympic.kz мәліметінше 5 желтоқсанда, Қазақстан құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шығатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Новости партнеров