×

Азия чемпионаты: Мұхаммедсабыр жеңілді, Махмұдтың қоржынында кемі қола бар

Таиландтың Чиангмай қаласында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

06.12.2024, 16:51
Азия чемпионаты: Мұхаммедсабыр жеңілді, Махмұдтың қоржынында кемі қола бар
ҰОК

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сомчай Вонгсуанға қарсы ширек финалда қолғап түйістірді. Таиландтық спортшы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен мен 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан жарысты аяқтаған еді.

Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында кем дегенде қола медальді иеленді. Қазақстандық спортшы ширек финалда Шри-Ланка спортшысы Кумара Джанаятпен кездесті. Сабырхан екінші раундта-ақ жеңіске жетіп, жекпе-жек тоқтатылды.

Новости партнеров