×

Париж Олимпиадасы: АҚШ туын ұстайтын спортшылар белгілі болды

26 шілдеде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында АҚШ туын әйгілі баскетболшы Джеймс Леброн мен US OPEN-2023 турнирінің чемпионы Коко Гауфф ұстап шығатын болды, деп хабарлайды ulyssport.kz
 

24.07.2024, 16:57

Екі спортшы АҚШ Ұлттық құрамасының арнайы комиссиясының бастамасымен өткен сайлауда түрлі спортшылар тарапынан таңдалынды.

Коко Гауфф - әлемнің екінші ракеткасы, 2023 жылғы US Open “Үлкен Дулығасының” жеңімпазы. 20 жастағы теннисші үшін бұл алғашқы Олимпиада саналады. Айтпақшы осыған дейін АҚШ спорт тарихында Олимпиадада теннис өкілдерінен ешкім ту ұстамаған.

 Джеймс Леброн үшін бұл төртінші Олимпиада. АҚШ баскетбол құрамасы сапында 2004 жылы қола, ал 2008 және 2012 жылдары алтын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан атынан көк туымызды бокстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шығады.

Олимпиада ашылу салтанаты 26 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.

Новости партнеров