×

Бокстан Азия чемпионатының финалы: Қазақстан vs Өзбекстан

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ауыр салмақтағы Айбек Оралбай өзбек боксшысы Жахонгир Зокировты ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

08.12.2024, 19:35
Бокстан Азия чемпионатының финалы: Қазақстан vs Өзбекстан
Фото: t.me/sport12kz

Ұлттық құрамамыздың капитаны, әбден ысылған, тәжірибесі мол жерлесіміз алғашқы минуттан басымдықты өз қолына алып, 21 жастағы Жахонгирдің алдын орап кетті. Есеп: 5:0. Осылайша Айбек жаңа салмақта сенімді түрде бокстасып шықты.

Айта кетейік, Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков кезінде өзбекстандық Лазизбек Закировты бірнеше рет жеңген болатын. Бүгін оның ұлы Жахонгир біздің капитан Айбек Оралбайдан жеңілді.

Осылайша қазіргі уақытта 11 желтоқсан күні өтетін ерлер арасындағы Азия чемпионатының финалында 8 боксшымыз Өзбекстан өкілдерімен жұдырықтасады.

Новости партнеров