23-24 шілде күндері Парижде өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің 142-ші сессиясында алдағы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қожайыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
ХОК-тың 95 делегатының дауыс беру қорытындысы бойынша, 2030 жылы Франция (84 адам қолдады) жарысты өткізу құқығын иеленді.
Ал 2034 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы (83 адам қолдады) өткізетін болды.
Солт-Лейк-Сити қаласы өз тарихында екінші мәрте айтулы жарысты (2002 жылы өткізген) қабылдайды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы жеңіп алу үшін Бейжіңмен таласып, 40:44 дауысымен есе жіберген болатын.