Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (19-0) Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) UFC 310 турнирінде сәтті өнер көрсеткені үшін алатын гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Sports.kz сайтының жазуынша, Рахмонов бұған дейін жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) жеңіп, бұл жекпе-жек үшін 450 мың доллар табыс тапты. Қазақстандық кепілді жарна ретінде 350 мың доллар, ұтқаны үшін тағы 100 мың доллар алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жетінші жекпе-жегі болды және оның промоушендегі рекорды әлі сақталып тұр - 7-0. Оның келесі қарсыласы жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, америкалық файтер Белал Мухаммад (24-3) болмақшы.
Осыған дейін Шавкат Рахмонов ирландиялық файтер Иэн Гэрриді жеңгені туралы жазды.
Осы жеңісімен Шавкатты Мемлекет басшысы құттықтады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Шавкаттың денсаулығында үлкен проблема болды»: бапкері айтылмаған жайтты жариялады