Қазақстандық Алексей Чуркин ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Қостанайлық атлет А.Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта 368 келіні (164+204) бағындырып, екінші орынға көтерілді.
Қоссайыс қорытындысында 371 келіні игерген солтүстіккореялық Ри Чонг Сонг (166+205) жеңімпаз атанды.
Өзбекстандық Мухаммадкодир Тоштемиров (165+190) 355 кг көрсеткішпен үздік үштікке ілікті.
Тағы бір қазақстандық Александр Уваров 351 келіні (160+191) бағындырып, бесінші орыннан көрінді.
Әйелдер арасында Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева (64 кг) В тобында өнер көрсетіп, 208 кг (95+113) нәтижемен 8-орынға ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ақмолда Сайремкездің сайысқа түсетінін жазған болатынбыз.
А.Сайрамкез де жүлдесіз қалды.