×

Абылайханды тістеген өзбек боксшысы Асадуллаев Азия чемпионы атағынан айырылды

Азия чемпионатының финалында өзбек боксшысы қазақстандық қарсыласы Абылайхан Жүсіповты тістеп алған болатын. Олардың жекпе-жегінің қорытындысын ІВА қайта қарады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

13.12.2024, 08:44
Абылайханды тістеген өзбек боксшысы Асадуллаев Азия чемпионы атағынан айырылды
ашық дереккөзден

Қазақстан бокс федерациясы Чиаң Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдаған. IBA қазақстандық бокс федерациясының наразылығынан кейін жекпе-жектің қорытындысын және пайда болған бейнелерді қайта қараған. Өзбек боксшысының әрекетін сараптап, финалдың нәтижесін жойды.

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды.

Новости партнеров