×

Үстел теннисі: Олимпиададағы алғашқы қарсыласымыз белгілі болды

Үстел теннисінен Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

25.07.2024, 12:22

Бүгін үстел теннисінен ерлер арасында сынға түсетін Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы анықталды. Әлемнің 46 елінен 67 спортшы сынға түсетін Олимпиадада Кирилл Герасименко турнирді 1/32 финалдан бастайды. Отандасымыздың алғашқы қарсыласы – әлемдік рейтингте 58-орында тұрған Николас Бургос (Чили). Ойын 27 мамыр күнге жоспарланған.

Отандасымыз бұл додаға әлемдік рейтингтің қорытындысы бойынша, Азия құрлығында ең жоғары орында тұрғаны үшін жолдама алған болатын.

Айта кетейік, Кирилл Герасименко бұған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасы мен 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан болатын.

Новости партнеров