×

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісі: Хабиб командасының реакциясы қандай

Америкалық Kill Cliff FC залының жаттықтырушысы Саид Сапаров "Шредингер спортына" берген сұхбатында Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің командасы қазақстандық Шавкат Рахмоновтың ирландиялық Иэн Гарриді жеңгенін қалай бағалайтынын айтып берген, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Бүгін, 09:51
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісі: Хабиб командасының реакциясы қандай
ашық дереккөзден

– Кормье Шавкаттың тізесі зақымдалған деп айтқан кезде бәріміз не болғанын білдік. Мұның бәрі ескерілді. Бірақ ирландиялықтың ыңғайсыз қарсылас екені де белгілі. Белалмен де оңай болмайды. Барлығы осылай ойлайды. Хабиб нақты осылай деген жоқ, бірақ жалпы мұндай диалог болды", — деп жауап берді Сапаров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек бүгін UFC 310 турнирі аясында өтті.

Жекпе-жек 5 раундқа созылды, Рахмонов төрешілер шешімімен жеңімпаз деп танылған.

Новости партнеров