Еркін күрестен Олимпиада чемпионы, Түркияның танымал спортшысы Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтаған соң лауазымды қызметке кірісті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Үш Олимпиадада жүлде алып, бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған балуан сайлауға түскен еді. Федерацияның кезектен тыс съезіне 289 делегат қатысып, Тахамен бірге президенттікке грек-рим күресінен үш дүркін әлем чемпионы Сельчук Чеби де түскен. Нәтижесінде Таха Ақгүл дауыс берушілердің 189 даусына ие болды.
Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде қырғыз балуанын ұтқан Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Таха Ақгүл Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Сондай-ақ, ол Токио және Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген. Әлем чемпионатының финалына бірнеше рет шығып, 3 рет алтын, 2 рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Еуропаның 11 дүркін чемпионы атанды.