×

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері үшінші әйел алғысы келетінін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Rukh Entertainment подкастында үшінші әйел алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

25.07.2024, 12:50
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері үшінші әйел алғысы келетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Подкаст барысында спортшы бос уақытында айналысатын хоббилеріне тоқталып, көбіне отбасымен уақыт өткізетінін айтады. Сол кезде журналист одан “Үш әйелің бар ма?” деп сұрайды. 

“Әзірге екеу. Жақында үшеу болады деп ойлаймын. Мен былай түсіндірейін: арыстандар көп қой, бірақ әрбір арыстанның өз тобы бола бермейді. Мен өз тобы бар арыстанмын. Шындық сол – мен әйелдерді жақсы көремін, ал егер әйелдерді жақсы көрсең - үйлен. Бір әйелмен қанағаттанып жүрсең, бір әйелмен жүре бер, міне, осылай”, – дейді спортшы. 

Ол аталарының көп әйел алғанын, мұның қазақтың мәдениетінде бар екенін айтты. 

“Біздің тарихымызда алатын болсақ... Сіздердің аталарыңыз қандай болғанын білмеймін, бірақ өзімнің аталарымның көп әйелдері болғанын білемін. Көп әйел алу біздің мәдениетімізде, шын мәнінде, кездеседі. Мұнда еш мәселе жоқ. Көпшілік мұны өте оңай деп ойлайды. Сырттан қарағанда солай көрінеді - "о, екі әйелі бар, керемет!". Бірақ онда қаншама қиындық бар екенін білесің бе? Қалай болғанда да, сен бірінші әйеліңе де, екінші әйеліңе де әділ қарауың керек. Өйткені сен бұған жауаптысың, — деді Жұмағұлов.

Новости партнеров