×

Боранбаев Паралимпиада комитеті басшылығынан кетуі мүмкін – Спорт министрінің жауабы

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың комитет басшылығында қалу-қалмауына байланысты Туризм және спорт министрі пікір білдірді, деп хабарлайды  Ulyssport.kz.

24.12.2024, 21:53
Боранбаев Паралимпиада комитеті басшылығынан кетуі мүмкін – Спорт министрінің жауабы
ҰПК

Ұлысмедия тілшісі министрге Паралимпиада комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев қызметінен кетуі мүмкін бе әлде қала бере ме, деген сауалын қойды.

– Сіздіңше ол жұмысты қалай атқарып жатыр?

– Бүгінгі күні әр федерация бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл халықаралық аренада қандай жұмыс атқарылды, одан бөлек әр федерациялар, әр спорт түрінде, әр өңірде балалар спортынан бастап, халықаралық аренаға дейін қандай жұмыстар жүргізді, соның бәрінің критерийлері қаралып, индикаторлары бекітіліп, әр федерацияны саралап жатырмыз. 

– Боранбаев сонымен қала ма, жұмыс істей бере ме?

– Талдау жүргіздік. Сол талдау қорытындысы бойынша қай федерацияның, қай ұйымның индикаторлық көрсеткіштері орындалса, ол Боранбаев бола ма, басқа бола ма, әрине қоғамдық ұйым ретінде әрі қарай жұмысын жалғастыра береді. Ал егер олқылықтар болып жатса, онда федерация басшылары бүгінде орнын босатып жатыр, деген минстр Боранбаевтың қызметіне қатысты нақты жауап қатпады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан футбол федерациясының жаңадан сайланған президенті Марат Омаровтың Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевке туыстық қатысы туралы сұрағымызға жауап берді.

Новости партнеров