Қарағандыда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Бұл сайысқа еліміздің әр аймағынан келген 400-ден астам спортшы қатысты. Көптеген көшбасшының қатыспауына қарамастан, турнир жарқын сәттер мен ерекше оқиғаларға толы болды.
Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған бірқатар боксшы ел біріншілігіне қатысқан жоқ. Бұл спортшылардың денсаулығын қалпына келтіру мақсатында бапкерлер штабы оларды демалысқа жіберу туралы шешім қабылдады. Себебі Азия чемпионаты мен Қазақстан чемпионатының аралығында толық дайындыққа жеткілікті уақыт болмады.
Дегенмен, қатысушылар тізімі аз болған жоқ. Турнирде алғаш рет ересектер арасында сынға түскен Төрехан Сабырхан, кәсіби спортшы Санатәлі Төлтаев, Кирилл Павлов және тағы басқа дарынды спортшылар бақ сынады. Сондай-ақ әлем чемпионатының жеңімпазы Теміртас Жүсіпов Қазақстандағы үздік боксшы атағы үшін қайта шаршы алаңға шықты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та ел біріншілігінде өнер көрсетті.
Әйелдер арасындағы жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының көптеген атақты боксшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай, Париждегі Олимпиадаға қатысушылар Карина Ибрагимова мен Валентина Хальзова, спорттық мансабын қайта жалғастырған Надежда Рябец, әлем чемпионы Дина Жоламан, әлем чемпионатының жүлдегерлері Жайна Шекербекова, Алуа Балқыбекова және Римма Волосенко бар.
Жүлде үшін талас өте шиеленісті өтті. Шаршы алаңда көрермен көңілінен шығатынның бәрі болды: нокдаундар, мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер, стильдердің шайқасы, табандылық пен батылдық. Алайда күтпеген нәтиже болған жоқ. Негізгі фавориттердің көбі өз нәтижелеріне қол жеткізе алды.
Солардың бірі – Төрехан Сабырхан. Жас боксшы турнирлік кестеде сенімді өнер көрсетіп, ең бәсекелі салмақта алтын медаль жеңіп алды. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Санатәлі Төлтаевпен жұдырықтасуы керек еді, бірақ қарсыласы жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Төрехан Сабырхан бұл чемпионатта тек алтын медаль алып қоймай, ересектер арасындағы жарысқа дайын екенін дәлелдеді. Алдағы 2025 жыл оның мансабындағы маңызды кезең болмақ. Жаттықтырушылар оған ірі халықаралық турнирлердің бірінде ел намысын қорғауды сеніп тапсыруы мүмкін. Оның нақты әлеуетіне баға сол жарыстардан кейін беріледі. Әзірге, Төрехан өз бабында екенін көрсетті: күш, жылдамдық, табандылық, өзіне деген сенімділік және еңбекқорлық.
Сонымен қатар, көпшілік үшін Токио Олимпиадасына қатысқан, бірақ мансабын аяқтауға шешім қабылдаған Надежда Рябецтің әлеуеті қаншалықты деңгейде екені қызық болды. Естеріңізге сала кетейік, Надежда бокспен қош айтысқаннан кейін, қайта рингке оралу туралы шешім қабылдап, небәрі төрт айда дайындық жұмыстарын бастады. Оның үстіне, Рябец салмақ дәрежесін өзгертіп, 81 келіге дейінгі ауыр санатта өнер көрсетті.
Әрине, әзірге Надежданың бабына қайта келмегені байқалды. Алайда, ол финалдық кездесуді сенімді түрде өткізіп, Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ал, Назым Қызайбай болса 14-рет Қазақстан чемпионы атанды.
Теміртас Жүсіповты ерекше атап өткен жөн. Әлем чемпионы өзінің шеберлігін тағы да дәлелдеп, Қазақстан чемпионатында сегізінші рет жеңімпаз атанды. Жас қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті.
Сондай-ақ биыл алғаш рет бірден 11 боксшы (ерлер мен әйелдер арасында) Қазақстан чемпионатында алтын жеңіп алды.
Айта кетейік, алтын медаль иегерлері ұлттық құраманың бірінші нөмірі мәртебесіне ие болады. Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшылар да осы мәртебеге ие. Сонымен қатар бапкерлік штаб үздік үштікке енген спортшылардың бірін ұлттық құрамаға қосуы мүмкін. Құрама сапын алдағы жарыстарға бейімдеуге уақыт бар.
Төменде Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін ұсынамыз.
ЕРЛЕР:
48 келі:
1. Теміртас Жүсіпов
2. Нұрзат Оңғаров
3. Нұрғиса Тұрабеков
3. Ернар Қарап
51 келі:
1. Даниал Сәбит
2. Бекзат Алдамжаров
3. Ернұр Қайрат
3. Рамазан Нұрлыбаев
54 келі:
1. Тимур Қабдешов
2. Бағлан Кенжебек
3. Ақтілек Орынбасар
3. Жандәулет Сәрсенбаев
57 келі:
1. Дәулет Молдашев
2. Асылжан Серікбай
3. Ерболат Сабыр
3. Ерхан Тұрдан
60 келі:
1. Талғат Сырымбетов
2. Серік Теміржанов
3. Евгений Павлов
3. Шыңғыс Мусинов
63,5 келі:
1. Ертуған Зейнуллинов
2. Жандос Қыдырәлиев
3. Алмат Абдуәлі
3. Бекзат Мақжан
67 келі:
1. Төрехан Сабырхан
2. Санатәлі Төлтаев
3. Елнұр Сүйінбай
3. Илья Калинин
71 келі:
1. Сабыржан Аққалықов
2. Фарух Тоқтасынов
3. Дархан Дүйсебай
3. Аман Қонысбеков
75 келі:
1. Тимур Нұрсейітов
2. Нұрқанат Райыс
3. Бақберген Әлиасқаров
3. Мақсат Өтегенов
80 келі:
1. Азамат Бектас
2. Дәулет Төлемісов
3. Михаил Коханчик
3. Ильяр Әшіров
86 келі:
1. Темірлан Мұқатаев
2. Бекзат Таңатар
3. Бекнұр Батырбек
3. Дәурен Мамыр
92 келі:
1. Данияр Рахымбердинов
2. Нұрмағамбет Жүсіпов
3. Нұрсұлтан Ернияз
3. Мәди Әміров
+92 келі:
1. Нұрлан Сапарбай
2. Даниал Сапарбай
3. Нұрасыл Асылхан
3. Аманат Сабырғали
ӘЙЕЛДЕР:
+48 келі:
1. Назым Қызайбай
2. Ақбота Болат
3. Әнел Құдайберген
3. Елянұр Тұрғанова
+50 келі:
1. Алуа Балқыбекова
2. Гүлнұр Тұрапбай
3. Гүлназ Бөрібаева
3. Айбегім Қажымұқан
+52 келі:
1. Анита Адишева
2. Жансая Рахымберді
3. Анжа Сәдуақасова
3. Томирис Мырзақұл
+54 келі:
1. Жайна Шекербековна
2. Элина Базарова
3. Сымбат Әлиасқар
3. Әнел Сақыш
+57 келі:
1. Карина Ибрагимова
2. Айдана Жабынбекова
3. Виктория Байдукова
3. Шахназ Исаева
+60 келі:
1. Римма Волосенко
2. Анар Тұрсынбек
3. Гүлжайна Уббуниязова
3. Әсем Таңатар
+63 келі:
1. Лаура Есенгелді
2. Аружан Жанабаева
3. Назерке Серік
3. Ақнар Ишанова
+66 келі:
1. Жасмин Кизатова
2. Ұлдана Таубай
3. Мерей Ибрагимова
3. Гауһар Шайбекова
+70 келі:
1. Мадина Нұршаева
2. Бақыт Сейдеш
3. Аида Сарыбарыва
3. Асқар Балжан
+75 келі:
1. Валентина Хальзова
2. Анастасия Баязитова
3. Анастасия Рылина
3. Азиза Исина
+81 келі:
1.Надежда Рябец
2.Жібек Жарасқызы
3.Валерия Аксенова
3.Шұғыла Нәлібай
81 келіден жоғары:
1. Ляззат Күнгейбаева
2. Дина Исламбекова
3. Әсел Тоқтасын
3. Камила Бажбенова