×

Мемлекет енді қаржы бөлмейді: Қазақстанның футбол клубтарында қанша легионер бар

Спортқа қатысты Парламент қарауындағы жаңа заң жобасы бойынша мемлекет енді спорт легионердеріне қаражат бөлмейді. Осы ретте туризм және спорт министрлігі Қазақстанның футбол клубтарында қанша легионер барын атады, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

26.12.2024, 16:35
Мемлекет енді қаржы бөлмейді: Қазақстанның футбол клубтарында қанша легионер бар
Ulysmedia коллажы

ЗАҢ ЖОБАСЫНДАҒЫ ТЫЙЫМ ЖАЙЛЫ

Министрдің депуатттарға берген жауабында халықаралық деңгейде демеушілік қаражат есебінен кәсіби клубтарды ұстау тәжірибесі барын атап өтеді. Жалпы заңға сәйкес кәсіби клубтарды қаржыландыруға заңнамада тыйым жоқ. Қаражат бюджеттен де, өзге де көздерден бөлінеді.

– Заң жобасы шеңберінде министрлікке спорттың ойын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту бойынша құзырет беру көзделеді. Яғни, заң жобасы аясында легионерлерге бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салынады. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес кәсіби спорт клубтары қаржыландыруды қосымша демеушілік қаражат (қайырымдылық жасаушылар) есебінен жүзеге асыра алады.

ФУТБОЛДАҒЫ ЛЕГИОНЕРЛЕР

Мысалы, 2024 жылғы футбол маусымы бойынша Қазақстан чемпионатының Премьер-Лигасында 13 кәсіби футбол клуб БАР. Бұл клубтартарда321 кәсіби футболшылар тіркеліп, оның 151 футбол ойыншысы легионер болып танылған. Футболдан Қазақстанның бірінші және екінші лигасында регламентке сәйкес тек қазақстандың футбол ойыншылары өнер көрсетеді.

Новости партнеров