Чемпионның тойы Қостанайда өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Дэвид Дегтярев үйлену тойын өткізді. 28 жастағы спортшы 2024 жылғы "Қазақстанның еңүздік параспортшысы" атағына ие болған еді. Алайда Астанада осы сый-сияпатты тапсыру рәсіміне қатыса алмаған.
Параспортшының спорттық жолы 2018 жылы Джакартада өткен Азия пара ойындарында үлкен жетістіктерден басталды. Сол тұста ол ол 157 келі көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Нағыз жеңіс 2021 жылы Токио Паралимпиадасында күтіп түр еді. Дэвид 174 келі көтеріп, алтын медаль жеңіп алды. 2024 жылы Париждегі ойындарда ол Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы бола отырып, өз нәтижесін 188 келіге дейін жақсартты.