×

Париж Oлимпиадасы: Дзюдошыларымыз кіммен белдеседі?

Бүгін дзюдо спорты бойынша Париж Олимпиадасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

25.07.2024, 18:19

2024 жылдың басты додасы – Париж Олимпиадасына жолдама алған 8 дзюдошымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

27 шілде

48 келі. Әбиба Әбужақынова - Сара Ришони (Израиль)

60 келі. Елдос Сметов - Торнике Чкадуа (Нидерланд)

28 шілде.

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев - Давид Гарсия Торне (Испания)

29 шілде

73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

30 шілде

81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Мажарстан)

63 келі. Эсмигул Куюлова - Любьяна Пёвесана (Аустрия)

1 тамыз

100 келі. Нұрлыхан Шархан - Тома Никифоров (Бельгия)

2 тамыз

+78 келі. Кәмила Берліқаш - Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII  жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.

Новости партнеров