×

Бибісара Асаубаева шахмат тәжі үшін сынға түсті

Қазақстанның халықаралық шебері Нью-Йоркте блиц бойынша әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

31.12.2024, 13:35
Бибісара Асаубаева шахмат тәжі үшін сынға түсті
Фото: chess.com

Нью-Йоркте Швейцарияның жүйесімен блиці бойынша әлем чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстандықтар арасында Бибісара Асаубаева үздік нәтиже көрсетті. Турнирдің әйелдер бөлімінде ол жетінші орынға ие болып, әлем чемпионы атағы үшін күресті жалғастыратын сегіз шахматшының қатарына кірді. 

Аусабаева 11 турда сегіз ұпай жинады. Жартылай финалға шығу үшін ол қытайлық шахматшы Лей Тинцземен күреседі. Матч 1 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де басталады. Нақты уақыт режимінде партияның барысын chess.com сайтынан көре аласыз. Турнирдің жүлде қоры 200 мың доллар, жеңімпаз 60 мың доллар алады.

20 жастағы Бибісара Асаубаева блиц санатында шахматтан әлем чемпионатын екі рет жеңіп алды (2021-Польша, 2022 – Қазақстан).

Новости партнеров