×

Париж-2024. Қазақстан 93-лицензияға ие болды

Қазақстан Париж Олимпиадасында теннистен тағы бір лицензия алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

25.07.2024, 20:50
Париж-2024. Қазақстан 93-лицензияға ие болды
ашық дереккөзден

Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады. Ал жарыс 29 шілдеде басталады – делінген Туризм және спорт министрлігі таратқан ақпаратта.

Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик.

Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.

Новости партнеров