×

Тарихи сәт: шахматшы Карлсен мен Непомнящий блицтен тең түсіп, екеуі де чемпион атанды

Нью-Йоркте ерлер мен әйелдер арасында шахматтың блиц түрі бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

01.01.2025, 10:33
Тарихи сәт: шахматшы Карлсен мен Непомнящий блицтен тең түсіп, екеуі де чемпион атанды
FIDE

ЕРЛЕР  

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні плей-офф сериясы өтті. Әр шағын матч төрт партиядан тұрды. Ұпайлар тең болған жағдайда, қарсыластар тараптардың бірінің бірінші жеңісіне дейін ойнады.

Соңғы матчта алғашқы екі партияны норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен жеңген. Бірақ ресейлік Ян Непомняемый келесі екеуінде басым түссті. Қосымша үш партия тең аяқталды. Содан кейін Карлсеннің ұсынысы бойынша екі гроссмейстерге де чемпиондық атақты беру жөнінде шешім қабылданды. 

Осылайша, тарихта бірінші рет блиц бойынша әлем чемпионы атағы екі гроссмейстерге берілді.

ӘЙЕЛДЕР  

Плей-оффтағы соңғы екі орын қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен қытайлық Чжу Цзиньерге бұйырды.

Блиц бойынша әлем чемпионы атағын Лэй Тинжиді жеңген қытайлық шахматшы Джу Вэньцзюнь жеңіп алды.

Рапид бойынша әлем чемпионаты 
26-28 желтоқсан аралығында өткізілді. Ерлер арасындағы рапид бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы – 18 жастағы ресейлік шахматшы Володар Мурзин, Әйелдер арасында үнді шахматшысы Хампи Конеру топ жарды. Қазақ шахматшысы Бибісара Асаубаева 8-ші орынды иеленді.

КАРЛСЕННІҢ ДРЕСС-КОДЫ  

28 желтоқсанда FIDE Карлсенді рапид бойынша әлем чемпионатында киім үлгісін бұзғаны үшін шеттетті. Төреші шахматшыға джинсы киіп келгені үшін $200 айыппұл салды. Карлсеннен киім ауыстыруды талап етті. Норвегиялық бұл талапты орындаудан бас тартып, әлем чемпионатынан ойнады. Осыдан кейін Карлсен FIDE-ден "шаршағанын" және ұйыммен бұдан былай ешнәрсе жасағысы келмейтінін мәлімдеді. Дворковичтің киім үлгісін жұмсарту туралы мәлімдемесінен кейін Карлсен блиц турнирінде өнер көрсететінін, бірақ джинсы шалбармен келетінін айтты.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр