×

«Жеңіс менікі болған». Баходир Жалоловта кімнің есесі кетті

Ауыр салмақтағы австралиялық боксшы Теремоана Джуниор Олимпиададағы қарсыласы өзбекстандық Баходир Жалоловпен реванш өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Ulyssport порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

06.01.2025, 12:20
«Жеңіс менікі болған». Баходир Жалоловта кімнің есесі кетті

Джуниор мен Жалолов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында кездесті. Жекпе-жек 5:0 есебімен Баходирдің пайдасына аяқталып, ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған. Алайда көптеген адамдар, әсіресе австралиялықтар өзбек спортшысының жеңісін құп көрмеген.

«Мен міндетті түрде есемді қайтарғым келеді, өйткені Олимпиададағы жеңіс менікі деп ойлаймын». Маған біраз уақыт беріңіз.Мен оны асыға күтемін», - деді Теремоана Boxing News-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, екі боксшы жақын арада кәсіпқой рингтегі жекпе-жегін өткізеді: Теремоана Джуниор 8 қаңтарда өз алаңында германиялық Осасу Отобомен кездесу өткізеді. Баходир Жалолов француз Дэвид Спилмонтпен 6 ақпанда Монреальда жұдырықтасады.

Новости партнеров