GGG рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport порталы sportarena.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰОК-тың қазіргі президенті Геннадий Головкин Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегінен кейін жарысқа шықпаған. Көпшілік қазақстандық кәсіпқой боксшының мансабы аяқталды және 42 жастағы боксшының енді жекпе-жекке шығу мүмкін емес деп ойлады. Дегенмен, таңғалдыратын ақпарат тарады.
Инсайдер Майкл Бенсонның айтуынша, қарағандылық Генадий 13 наурызда Монте-Карлода қарсыласы Баду Джекпен жұдырықтасады:
«Жекпе-жек уақыты жарияланды. Баду Джек пен Геннадий Головкин арасындағы WBO әлем чемпионы титулы үшін айқас 13 наурызда өтеді», – деді Майкл Бенсон
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий мен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жек туралы қауесет тараған. Ықпалды промоутер Турки Әл аш шейхтің өзі бұл жекпе-жекті ұйымдастырмайтынын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.
Майкл Бенсонның көп мәлімдемесіне сенуге болатынына қарамастан, дәл бұл ақпарат әлі расталған жоқ әрі оның сәл бір шикілігі бар. Өйткені Баду Жек ауыр салмақта, ал Генадий Головкин орта салмақтан жоғарыға ауыспаған.