×

Хоккей федерациясы басшылығына алаяқтық үшін істі болған экс-шенеунік келді

Федерацияның жаңа басшысы Сәкен Мұсайбеков 2021 жылы сотталған болатын. Ол процессуалдық кінәсін мойындау туралы келісімге келіп, ірі көлемде айыппұл төлеп, нақты жазадан құтылған, деп хабарлайды Ulyssport.

 

07.01.2025, 12:22
Хоккей федерациясы басшылығына алаяқтық үшін істі болған экс-шенеунік келді
Сурет: primeminister.kz

Сәкен Мұсайбеков бірқатар ұйымдар мен ведомстволарда, оның ішінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы қызметтерін атқарған. Спорт саласында басшылық қызметте тәжірибесі мол. Көп жылдық тәжірибесі Қазақстан Республикасында шайбалы хоккейді дамытуға және танымал етуге көмектеседі, делінген хабарламада.

Мұсайбековтің расында спорт саласында тәжірибесі көп. 2012 жылы спорттық жекпе-жек және айқын қара күшті талап ететін спорт түрлерінің конфедерациясын басқарды. 2021 жылдың ақпан айына дейін Спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығында болды.  Антикордың зерттеу ісінен кейін мансаптық жолында төрт жылға жуық үзіліс орнаған.

ПАРА ЕМЕС, АЛАЯҚТЫҚ

2021 жылы ақпанда Антиқор Мұсайбековтің букмекерлік қызмет саласында патронаттық қызметі үшін 15 мың доллар көлемінде пара алғанын хабарлады. Алайда, кейінірек қылмыстық іс "Пара алудан" "Алаяқтық"бабына ауыстырылды. Тамыз айында Алматының Түрксіб аудандық соты Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарды. Бұрынғы вице-министр ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол қылмыстық жазадан құтылуға көмектескен процессуалдық процестік келісім жасады. Сот экс-шенеунікке параның он еселенген мөлшері – 62 394 00 теңге көлемінде айыппұл төлеуге үкім етті.

Түрксіб аудандық соты «сот тарапынан айыпкер Мусайбековтың қылмыстық ісі зарар деңгейі, қылмыстық жауапкерлігі жеңілдетіліп, белгіленген жазаның оның түзелуіне және өмірі мен отбасы тұрмыс деңгейіне әсері ескерілді» деп хабарлайды

Экс-шенеунік мемлекет ұсынған марапаттар мен мүлкінен айырылмаған. Тек тұтқындау кезінде пара алу барысындағы ақша мен «Гермес» маркалы сөмкесі ғана тәркіленіп, кейін ол мемлекеттік аукционда 4,5 миллион теңгеге сатылған.

Мұйсабековтің өткеннен сабақ алып, бұрынғы қателіктерін ескергенін жоққа шығаруға болмайды. Әйтседе, көкейде Спорт министрлігіне сұрақтар баршылық. 

Новости партнеров