×

Париж-2024: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.kz

25.07.2024, 23:05

Ерлер

51 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Сәкен Бибосынов — Самет Гумуш (2024 жылғы Еуропа чемпионы) 

Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін. 

 

57 келі. 17 боксшы 

1/8 финал

Махмұд Сабырхан — Хосе Гуелес Бротонс (2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері) 

Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін. 

 

63,5 келі. 22 қатысушы 

1/16 финал

Мұхамедсабыр Базарбайұлы — Ойер Ибарче (Испания) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.

 

71 келі. 20 қатысушы

1/16 финал. 

Асланбек Шымбергенов — Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады. 

 

80 келі. 18 қатысушы 

1/8 финал 

Нұрбек Оралбай — Каллум Петерс (Аустралия) 

 

92 келі. 16 қатысушы

1/8 финал

Айбек Оралбай — Олейтен Олаор (Нигерия) 

Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін. 

 

+92 келі. 16 қатысушы. 

1/8 финал. 

Қамшыбек Қоңқабаев — Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) 

 

Әйелдер. 

50 келі. 22 боксшы

1/16 финал. 

Назым Қызайбай — Джиордана Соррентино (2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері) 

1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді. 

 

57 келі. 22 боксшы 

1/8 финал

Карина Ибрагимова — Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико) 

 

75 келі. 16 боксшы 

1/8 финал. 

Валентина Хальзова — Азейна Билон (2015 жылғы әлем чемпионы)

Бокстан ең алғаш болып, 27 шілде күні 63,5 келідегі Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады.

Новости партнеров