Анастасия Городко «Шымбұлақта» өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық спортшы Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл могулдан жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер атанды. Ал, алтынды жапон спортшысы алды.
Анастасия Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Отандасымыз таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды.
Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.