×

Франция футбол құрамасы: Бас бапкер қызметтен кетеді

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы le Parisien сайты мәлімдеді.

08.01.2025, 09:52
Франция футбол құрамасы: Бас бапкер қызметтен кетеді
Сурет: Clive Mason

Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері басқарып келеді. Ол франциялықтардың 2018 жылы әлем чемпионатын және 2020-2021жылдары УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алуына көмектесті. Сондай-ақ ол бапкерлік мансап жолында Марсель, Ювентус және Монако құрамаларын да қызмет істеді.

ҚАШАН ЖАРИЯ ЕТЕДІ

Басылымдағы мәліметке жүгінсек, ​​​​​Дешам өз шешімін бүгін, 8 қаңтарда жариялауды жоспарлап отыр.

"Менің келісімшартым 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқталады. Футбол маған өмірде қалауымды орындауыма еркін сыйлады" деп түсіндірді ол неміс Bild газетіне берген сұхбатында.

КІМ АЛМАСТЫРАДЫ 

Дешамның орнына келетін бапкер ретінде Реал Мадридтің бұрынғы жаттықтырушысы Зинедин Зиданның есімі айтылуда.

Зидан «Реалды»  2016-2021 жылдар аралығында басқарды. Ол сонымен қатар Лос-Бланкостың қосалқы командасын да жаттықтырған. 

 

 

Новости партнеров