UFC-де ел намысын қорғап жүрген алғашқы әйел спортшы өміріндегі жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБА
Спортшы жанкүйерлерінен алдағы жекпе-жекке қаржысы жоқ екенін айтып, ақша әкелетін бизнес түрлерімен бөлісуді сұраған.
Достарыма алғыстымын. Солардың арқасында өз қонысым бар. Әйткенмен, шаршы алаңға шығатын уақыт таяп қалды, ал менде жекпе-жек лагеріне ақша жоқ. Оқу кестесі, жұмыс табу өмірімдегінің бәрін теңдікте ұстау мен үшін өте қиын. Кімде жұмысқа қатысты ақпарат немесе бизнес идеясы бар болса жазыңыздар. Әлі күнге дейін бұл мен үшін өте қиын» делінген Instagram желісіндегі әңгімесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мария Агапова UFC турнирінде екі рет жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліс тапқан.