×

Қазақстан семсерлесуден тарихқа енді

Қазақстан құрамасы тұңғыш рет семсерлесу спортынан алтын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

08.01.2025, 12:20
Қазақстан семсерлесуден тарихқа енді
Сурет: ҚР ҰОК

Құрама спортшысы София Актаева Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан семсерлесу әлем кубогының кіші кезеңінде жеңіске жетті.

  1. Іріктеуден сүрінбей, 1/16 және 1/8 финалда екі бірдей қытайлықты 15:6 есебімен;
  2. Ширек финалда макаолықты 15:13 ұпаймен;
  3. Жартылай сында венгриялық спортшыны 15:13 нәтижемен;
  4. Ақтық мәре де қытайлық спортшыны басым көрсеткішпен сан соқтырып кетті.

СПОРТ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІГІ

Актаеваның жеңісі оның жеке мансабындағы ең үлкен жетістігі болды. Сонымен қатар, еліміздің семсерлесудегі алғашқы алтыны.

Еске сала кетейік, дәл осы турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол қатарда София Ақтаева, Алена Гноева, Алина Искандерова және Алуа Нұрқанова болды.  

Қазақстандық қыздар ширек финалға шығу үшін Австралия құрамасымен тартысып, 45:44 ұпайды еншіледі. Әйткенмен, жартылай  Қытай құрамасынан 36:44 есебімен жеңіліп қалды.  

Қола жүлдені уыстан шығармау үшін ел құрамасы чехиялықтарды 45:31 есебімен ұтты.

Новости партнеров