×

Универсиада ойындарына туды алып шығу құрметі кімге бұйырды

ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстайтын спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport. 

Бүгін, 08:51
Универсиада ойындарына туды алып шығу құрметі кімге бұйырды
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстан құрамасының атынан мемлекеттік туды көтеру құрметі фристайлдан шаңғышы Аяулым Әміренова мен хоккейші Абылайхан Сүлейменовке бұйырды.

Аяулым Әміренова – фристайлдан шаңғы командасының жетекші спортшыларының бірі. Оның 2017 жылғы Еуропа кубогында алтын, күміс және қола жүлделері бар. Абылайхан Сүлейменов – қазақ хоккейінің жарық жұлдызы. Ол Nomad командасында ойнайды. Ол ел құрамасы үшінші орын алған ХХХІ қысқы Универсиада да,жастар лигасында, төрт ұлт турнирінде, Қазақстан кубогында, құрлықтық кубокта өнер көрсеткен, делінген ғылым және жоғары білім мәлімдемесінде

МЕН ҮШІН КҮТПЕГЕН ЖАҢАЛЫҚ

"Өте қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен құрмет,өмірімде бірінші рет туымызды көтеріп шығамын. Негізі таңғаларлық жаңалық болды" деді Аяулым Әмренова

Айта кетейік, 2017 жылғы Универсиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығу құрметі шаңғышы Дәулет Рахымбаевқа бұйырған болатын.

 

Новости партнеров