Теннистенмаусымның алғашқы Үлкен Дулыға турнирі Аустралия ашық біріншілігінде бір күнде 95,290 адам билет алып келген, деп хабарлайды Ulyssport.
Турнир ұйымдастырушыларының ресми мәліметіне сенсек, 13 қаңтарда өткен жарыстың алғашқы дүйсенбі күнгі матчтарын тамашалауға күндіз 59,621, ал кешкі сессияға 35,669, жалпы алғанда 95,290 жанкүйер келіпті. Алдыңғы рекорд 2024 жылға тиесілі (алғашқы дүйсенбі - 51,293).
Бұл көрсеткіш тек дүйсенбі рекордын ғана жаңартып қоймай, сонымен қатар, турнирдің күндік рекордын жаңартқан: 2023 жыл - 94,854.
Биыл квалификация кезеңінен бастап, бүгінге дейін 293,517 адам АО ойындарын көруге келді. Әлі алда 13 күн бар.
Tennis Australia
Спорттық іс-шаралар жаңа деңгейге жетті. Оған былтырғы Париж Олимпиадасы да мысал бола алады. Спорт - үлкен бизнес, жақсы пиар әрі саясат. Осы турнирге осымен төртінші рет келіп отырмын. Аустралия биыл мықты дайындалған. Қонақ үйлерде бос орын жоқ. Билет бағалары өте қымбат. Жарнама барлық жерде. Әуе жайдан бастап, стадионға дейін тек теннис. Оның үстіне бүгін Джокович, Алькарас, Швентек, Кириос сияқты үздік спортшылар өз матчтарын өткізді. Қалған үш Үлкен Дулығада (Ролан Гаррос, Уимблдон, US Open) да жағдай осындай. Парижде өтетін Ролан Гаррос биылдан бастап билетті лоторея әдісімен сататын болды, өйткені сұраныс өте жоғары, - деді теннис спрапшысы, спорт тілшісі Ерік Ильясов.
Айта кетейік, бұл турнир теннис спортындағы ең беделді сайыстардың бірі.