Мельбурнда өтіп жатқан Үлкен Дулыға турнирінің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева үш сеттік матчта қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ulyssport.kz
Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Юлия Путинцева турнирдің бірінші айналымында Элина Аванесянмен (Армения) кездесті.
Алғашқы сетте Юлия 4:6 есебімен жеңіліп жатқан. Алайда екінші сетте есепті камбэк жасау арқылы (7:5) теңестірді. Шешуші үшінші сетте армениялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. 37 минутта 6:2 есебімен жеңіске жетті. Жалпы есеп 4:6, 7:5, 6:2.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші қытай қызы Чжан Шуайға қарсы ойнайды.
Аустралия ашық чемпионаты 26 қаңтарға дейін жалғасады.