×

AO25: Рыбакина үшінші айналымға шықты

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында қарсыласын екі сетте (6:0, 6:3) ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

16.01.2025, 10:41
AO25: Рыбакина үшінші айналымға шықты

Әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина екінші кездесуін WTA рейтингіде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен өткізді. 

Небәрі 1 сағат 20 минутқа созылған матчта Елена Рыбакина 4 эйс орындап, 5 брейк жасады. Ал қарсыласы тек бір ғана брейкпен көзге түсті.

Рыбакина енді төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Бүгінгі жеңіс Еленаның Үлкен дулыға матчтарындағы 50-ші жеңісі еді.

Алдында ойнаған қарсыласым да, бүгінгісі де жасөспірімдер. Екеуін де жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Келесі жылы әлемдік аренада тағы да кездесетін шығармыз. Күтемін,- деді матч соңында.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққан болатын. Өкінішке орай финалда қарсыласы Арина Сабаленкаға (Беларусь) жол берген.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр