×

Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің төртінші айналымында Мэдисон Кизден (АҚШ) 3:6, 6:1, 3:6 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина ширек финалға шыға алмады
Australian Open

Жаңа бапкер. Жарақат. Ыстық күн.

Бүгін Мельбурн парк кортында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалға жолдама мачтары өтіп жатыр. Маргарет Кортында Елена Рыбакина өте тартысты матчта қарсыласы Мэдисон Кизден айласын асыра алмады.

“Үшінші сетте бірнеше мүмкіндігім болды. Егер ерте брейк жасағанымда, 2:0 есебімен ойынды жалғастыру оңайырақ болар еді. Әрине бұл менің күткен нәтижем емес, бірақ әрі қарай жұмысымды жалғастырамын. Ең бірінші денсаулығыма қарауым керек. Сосын Абу-даби, Дубай және Дохадағы турнирлер жоспарымда тұр,”- деді баспасөз конференциясында Рыбакина.

Жаңа бапкері Горан Иванишевичке қатысты сұраққа:

“Алдағы уақытта көреміз. Әзірге бір-бірімізді танып жатырмыз. Нақты ештеңе айта алмаймын”,- деп жауап берді.

Әйгілі Новак Джоковичтің бұрынғы бапкері хорватиялық Горан Иванишевич желтоқсан айынан бастап Еленаны жаттықтырады. Аустралияда өткен United Cup командалық турнир мен Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшісінің бас бапкері қызметін атқарды.

Рыбакина қаңтар айындағы екі турнирден шамамен 841, 000 АҚШ доллар ұтып алды.

 Айта кетейік, бүгін жасөспірімдер турнирінде Заңғар Нұрланұлы екінші айналымдық матчында Болгария теннисшісі Александр Васильевке 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Алайда қазақстандық спортшы ертең жұптық сында жарысты жалғастырады.

Новости партнеров