Шорт-тректің 2000 метр қашықтыққа жүгіретін аралас эстафетасында ел құрамасы универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
"Қазақстан құрамасының атынан Алина Әжғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай өнер көрсетті. Команда 2:44.815 уақыт көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады" делінген Ұлттық коньки тебу федерациясының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, алтын алқаны Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алса, күміс қытайлықтарға бұйырды.