Қызылордалық «Қайсар» футбол клубындағы легионерлер елдеріне қайтты, деп хабарлайды Ulyssport.
"Үздік футболшыларымызды шығарып салдық. Қызылордалық жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Г. Милойко мен Й.Пайович ресми түрде қатардан кетті. Қос ойыншымыздың алаңдағы төккен тері мен еселі еңбегін ұмытпаймыз" деп жазды клуб мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл мәселені Қызылорда облысы спорт басқармасының төрағасы Бақтияр Артаев көтерген.