×

Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды

Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясының кезеңі аяқталды. Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

26.01.2025, 10:13
Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды
ҰОК

Бұл жетістіктің авторлары – Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов. Екі спортшы да биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті.

Ал Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру), Дэйзи Джепкемей (3000 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

"Өз елімізде өнер көрсетуді өте жақсы көремін, себебі бізде жанкүйерлердің ерекше ықыласы бар. Мұндай жарыстарда бұл қатты сезіледі. Әрине, адамдарға әлем жұлдыздарын көру қызық. Бірақ сонымен бірге біздің спортшыларымызға жанкүйер болып жатқанын сезесің. Бұл өте жағымды. Барлық жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Алаңда болғандарға, теледидар алдында отырғандарға да рақмет айтамын, – деді жабық алаңдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая.

Айта кетсек, Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жарысында барлық фавориттер жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Мысалы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Андре Де Грасс (Канада) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Ниа Али (АҚШ) жүлдесіз қалды. Танымал кедергімен жүгіруші Али жарақатына байланысты іріктеу кезеңін сәтті аяқтай алмады.

Новости партнеров