×

Australian Open: допингпен ұсталған теннисші жеңіске жетті

Ерлер арасында Аустралия ашық біріншілігінің жеңімпазы анықталды. Ол – әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер, деп жазады Ulyssport.kz.

26.01.2025, 17:03
Australian Open: допингпен ұсталған теннисші жеңіске жетті
Ulysmedia

2024 жылы екі рет допингпен ұсталса да жазаланбаған Италия теннисшісі үш сеттік матчта Германия спортшысы Александр Зверевті 6:3, 7:6, 6:3 есебімен жеңіп, мансабындағы үшінші Үлкен Дулыға титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ теннис тарихында үш рет осындай жетістікке жеткен алғашқы италияндық теннисші атанды.

Янник Синнер бүгінгі жеңісі үшін 3,5 млн Аустралия доллар сыйақы алады.
Қарсыласы Александр Зверев осымен үшінші рет Үлкен Дулыға турнирінің финалында жеңіліп отыр. 

Естеріңізге салсақ, Янник Синнердің анализінен 2024 жылдың наурыз айында екі рет допинг табылған еді. Алайда ITIA ұйымы бұл істі тамыз айына дейін жасырып,  спортшыны кінәлі деп танымады. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) істі апелляцияға ұсынып, бір жылдан екі жылға дейін спорттан шеттетуді талап етті. Апеляция осы жылдың сәуір айында қарастырылады.

Новости партнеров